Атырау, 17 мамыр 14:07
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Балалар байқауына қатысушы қазақстандық қыздың Ресей әуежайындағы мәселесі шешілді

2 466 просмотра

"Жаңа толқын" халықаралық балалар байқауына Қазақстан атынан қатысушы қыздың Ресейге кіруіне рұқсат берілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Мәскеудегі елшілігінің күш-жігерінің арқасында мүмкін болды.

"Жаңа толқын" халықаралық балалар байқауының финалисті Аружан Ардақ анасы Гүлжан Сабыкеновамен бірге Мәскеуге ұшып келген. Алайда, қолдарында арнайы шақыруы барына қарамастан, анасы мен қызды Ресей Түркия арқылы транзиттік рейспен келгені және ережеге сәйкес кіруге тыйым салынғандықтан, оларды әуежайдан ары жібермей қойған. Қазақстандық дипломаттардың ынта-шынтасының арқасында Аружан Ардақ шекара асып, енді ол міндетті түрде жарысқа қатысатын болды, оған шын жүректен сәттілік тілейміз.

Біз бұл мәселеге қолдау көрсеткені үшін ресейлік әріптестерімізге ризашылығымызды білдіреміз.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ерекше жағдай екенін және бір рет қана рұқсат етілгенін түсіндірді.

- Біз Қазақстан Республикасы азаматтарын Ресей Федерациясы Үкіметінің 03.16.2020 жылғы №635-р қаулысының қосымшасына сәйкес, онда тек тікелей рейстер арқылы баруға мүмкін екендігіне баса назар аудартамыз. Ресейге басқа елдер арқылы ұшып барған жағдайда елге тек ықтиярхаты барлар (тұруға рұқсат) ғана кіре алады. Сондықтан ел азаматтарынан Ресейге әуе сапарын жоспарлау кезінде осы жағдайды ескеруді сұраймыз, - делінген министрліктің хабарламасында.
29 қыркүйек 2020, 11:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.