Атырау, 17 мамыр 17:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстандық әуе компаниясы Ливияға қару-жарақ тасымалдады деп айыпталды

2 351 просмотра

Қазақстандық әуе компаниясы Еуроодақ санкциясына ілікті. Sigma Airlines компаниясына Ливияға қару-жарақты заңсыз тасымалдады деген айып тағылып отыр, - деп хабарлайды КТК.

БҰҰ ішкі қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан Ливияға қару-жарақ жеткізу немесе қолдау көрсетуге қатаң тыйым салған. Қазір отандық әуе компаниясының қылмыстық әрекетке тікелей қатысы бар-жоғын халықаралық ұйым бүге-шігесіне дейін тексеріп жатыр.  Еуропалық одақтың санкиция тізіміндегі үш әуе компаниясының бірі - қазақстандық Sigma Airlines. 

Отандық әуе компаниясына Ливияға қару-жарақ тасымалдауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр. Өйткені БҰҰ ішкі қақтығыстардан көз ашпай келе жатқан Ливияға қару-жарақ жеткізу немесе қолдау көрсетуге тыйым салған болатын. 

Жозеп Боррель, Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі: 

- Бүгін санкциялық тізім бекітілді. Адам құқығын бұзған екі жеке тұлға және БҰҰ-ның эмбаргосын бұзған үш әуе компаниясына санкция салынды. Еуропалық одақ адам және халықаралық құқықтарды сақтамағандарды жауапкершілікке тартуға тырысады. Сондай-ақ, Ливияға қару-жарақ тасығандарды тоқтатуға күш салады.  Мән-жайды білуге басы дауға қалған әуе компаниясының Алматыдағы кеңсесіне бас сұқтық. Бірақ мекеме қызметкерлері жауап беруге құлықсыз. Камераны көрген олар жан-жаққа қашып, кабинеттеріне тығылып әлек болды. Компания басшысы тек телефон арқылы тілдесуге келісті. 

Өмірбек Жарменұлының айтуынша, Sigma Airlines 15 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріне жүк тасумен айналысқан. Компанияның ұшақтары қазір Бірікке Араб Әмірліктерінде тұр екен. Ал «Ливияға халық тұтынатын тауар тасымалдадық» деген директор Еуроодақтың таққан кінәсін жоққа шығарды.  

Өмірбек Жарменұлы, Sigma Airlines ЖШС атқарушы директоры:

- Сол жаққа 2019 жылдары ұшып жүргенбіз. Ливияға халық тұтынатын тауар тасымалдадық. 2019 жылы өзім тоқтаттым. Өйткені қақтығыс ушығып кетті. Мен құзырлы органдардан ресми жауап күтіп отырмын. Егер жауап бермесе, менікі 100 пайыз дұрыс деген сөз.  

Азаматтық авиация комитеті санкияға іліккен әуе компаниясына қатысты тексеру жүріп жатқанын жеткізді. Ал компанияның ұшу сертификаты үш үй бұрын тоқтатылыпты. «Өйткені Sigma Airlines халықаралық азаматтық авиация ұйымының талаптарын орындамады» - дейді құзырлы органдағылар.   

Ардақ Өтепов, Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары: - Сертификатқа қатысты тексеру жүргізілді. Сол тексеруге қарап, ол әуе компаниясының сертификаты 29 мамырда тоқтатылған. Қазір қауіпсіздік кеңесі тексеріс жасап, өздері жұмыс істеп жатыр. Ливиядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған болатын. Содан бері елде үкіметтік күштер мен ұлттық әскер арасындағы қақтығыс тыйылмай тұр. Қос тарапқа ірі державалар қаруды әуе, құрлық және теңіз жолдары арқылы тасымалдап келеді.



23 қыркүйек 2020, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.