Атырау, 17 мамыр 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Сәлемдеме жеткізуші "Сергек" камерасына түсіп қалған

5 040 просмотра

20 қыркүйекте кешкі жетілер шамасында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны ерлер түзету колониясының дуалынан 4 ұялы телефон мен 4G роутері салынған пакетті лақтырған. Қарауыл оны байқаған бойда ол өз «Приорасына» мініп кетіп қалыпты. Бірақ көп ұзамай оны ҚАЖД қызметкерлері полициямен бірге ұстады.

- УГ-157/9 қызметкерлері колония периметрі бойынша орнатылған «Сергек» камерасына түсіп қалған көлікке бағдар берді, - дейді УГ-157/9 бастығы Думан ТӘЖЕНОВ. - Бір сағаттың ішінде құқық бұзушы Береке ықшам ауданында ұсталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, ол жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты, енді ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы 3-тармағы (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша да жазаланады.

ҚАЖД қызметкерлері «тапсырыс берушілерді» анықтады, колония әкімшілігі оларға тәртіптік жаза қолданды.

Атырау облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі ҚАЖД-нің барлық мекемелерінде заң бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ұсынған сурет

22 қыркүйек 2020, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.