Атырау, 17 мамыр 15:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша әлемдік рекорд орнады - ДДҰ

2 621 просмотра

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері әлемде бір апта ішінде коронавирус жұқтырған саны рекорд орнатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

ДДҰ мәліметінше, 14-20 қыркүйек аралығында әлемде CОVID-19 жұқтырудың 1 998 897 жаңа жағдайы анықталып, 36 764 науқас қайтыс болды.

Вирустың расталған жағдайларының саны алдыңғы аптаға қарағанда (7-13 қыркүйек) 6 пайызға артқан екен.

Сондай-ақ, Джонс Хопкинс Университеті соңғы тәулікте АҚШ-та коронавирус жұқтырғандар саны 52 мыңнан асқанын хабарлады. Университеттің мәліметінше, соңғы 24 сағат ішінде Америка Құрама Штаттарында 52 070 науқас тіркелген.

22 қыркүйек 2020, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.