Атырау, 17 мамыр 15:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды

2 412 просмотра

Павлодар облысында жалған дипломмен жұмыс істеген мамандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"20 тұрғын жалған дипломпен жұмыс істеген. Яғни бір қыз интернеттегі сайттардың бірінде дипломға тапсырыс берген. Ол жалған диплом үшін 300 мың теңге төлеген. Ал тағы бір павлодарлық диплом үшін 100 мың теңге жұмсаған", - делінген хабарламада.

Жалған диплом иелерінің тұрақты жұмысы болған. Алайда полиция олардың қайда жұмыс істейтінін, дипломды қандай университеттен сатып алғанын хабарлаған жоқ.

"Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері өңірде жалған құжат жасаудың 68 дерегі тіркеліпті.

Еске салайық, 2019 жылдың сәуірде Павлодар облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері жалған дипломмен жұмыс істеген 6 мемлекеттік қызметкерді анықтаған еді.

21 қыркүйек 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.