Атырау, 19 мамыр 18:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Ауруханадағы палаудың еті аздау болды…

3 369 просмотра
Көрнекі сурет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жанындағы мониторинг тобы Атыраудағы облыстық балалар ауруханасы және облыстық тері-венерологиялық диспансердің стационарындағы тамақтану сапасын тексерді.

Қоғамдық бақылау нәтижесінде тегін тамақтануға бөлінген мемлекеттік қаражаттың жұмсалуына қатысты көптеген сұрақ туындады. Облыстық балалар ауруханасының ас мәзірінде тегін тамақпен қамтамасыз ету ережесі өрескел бұзылған. Бір апта ішінде 3 жастан асқан бала мен ата-анаға тек шай берілген, 11 қыркүйекте шәймен қоса кешкі асқа және 14 қыркүйекте таңғы асқа сұлы ботқасы ұсынылған.

«Витаминді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдері ас мәзіріне қойылмаған дейді мейірбике. Сондықтан, оның айтуынша, витаминді-минералды кешені бар кейбір өнімдер ұсынылмады. Мысалы, сары май, жеміс шырындары, кептірілген жемістерден жасалған компот, кисель, айран, сүзбе», - деп хабарлады облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің баспасөз қызметі.

Тері-венерологиялық диспансерде алдын ала жоспарланатын маусымдық мәзір (жаз-күз, қыс-көктем) және екі аптаға арналған апта сайынғы ас мәзірі әзірленбеген. Осыған байланысты аспаз бір адамға қанша ет, күріш, сүт мөлшерін бөлу керектігін білмеген. Тексеру кезінде ас үйде кешкі асқа күріш пен ет қосылған палау дайындалып жатты. Аспаз дайындаған ет мөлшері 0,5 кг, күріш - 1 кг 300 г құрады, бұл ретте бір адамға кемінде 40 г ет тиесілі. Яғни, сол кезде ауруханада болған 32 науқасқа 1 кг 280 гр ет берілуі тиіс еді.   

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қыркүйек 2020, 08:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.