Атырау, 8 мамыр 04:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Құрылыс нарығы тығырыққа тірелді

2 979 просмотра

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2020 жылдың қаңтар-тамызында өңірдегі тұрғын үй құрылысына 21 млрд теңге жұмсалған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 56%-ға аз. Осы 21 миллиардтың басым бөлігі (71,3%) - тұрғындардың жеке тұрғын үй құрылысына кеткен шығындары екенін түсіну керек.

Бұл ең алдымен пандемияға байланысты екі есе төмендеп отыр. Енді қатаң карантин шектеулері болмағандықтан, құрылыс нарығында тығырыққа тірелген ахуал қалыптасты.

Түсінікті себептермен ақшадан қиналған құрылыс салушылар қазір құрылыс материалдарының бағасы шарықтап кеткенін айтады. Өйткені саудагерлер көктемгі карантин кезінде елді мекендер арасында көлік байланысы болмағандықтан және нарық қозғалыссыз тұрып қалғандықтан жоғалтқан пайданы қайтарғылары келеді. Көпшілігінде Өзбекстан азаматтарынан құралған бригаданың болмауына (оларды блок посттан өткізбеді) байланысты құрылыс тоқтап қалды. Қазір өзбектер келді, бірақ кірпіш, цемент, арматура және басқа құрылыс материалдарын сатушылар бағаны түсіруге асығар емес.

Дайындаған Мұрат  СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 қыркүйек 2020, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.