Атырау, 20 мамыр 04:37
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Күзде вирустың қауіпті төрт штаммы тарайды - Бекшин

2 875 просмотра

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күзгі-қысқы кезеңде вирустың қандай штаммдары белсенді болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша, алдағы күзгі-қысқы маусымда вирустың төрт штаммы солтүстік жарты шарда белсенді болады – 2 типті А - Гуангдонг (Гуангдонг) және Hong Kong (Гон Конг), сондай-ақ 2 типті B - Вашингтон (Вашингтон) және Hong Kong (Пхукет), олар ДДҰ болжамы бойынша алдағы маусымда тұмауға қарсы үш және төрт валентті вакциналардың құрамына кірді", - деді Жандарбек Бекшин.

Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 855-ке жетті. Ал әлем бойынша, ДДҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 28,9 миллионға жетті.

14 қыркүйек 2020, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.