Атырау, 7 мамыр 22:17
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау энергетиктері өз тарифтерін екі есеге көтеруді сұрайды

3 258 просмотра

Энергетикалық монополистер Табиғи монополияларды реттеу департаментіне 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап тарифті көтеру өтінішімен жүгінді.

«Атырау Жарық» АҚ электр қуатын тасымалдау бағасын кВт/сағ үшін 4,87-ден 9,75 теңгеге дейін, яғни, 100,2%-ға көтеруді жоспарлап отыр

«Атырау жылу жүйелері» АҚ жылу энергиясын тасымалдау тарифін бір гигакалорияға 4976,76-дан 9634,53 теңгеге дейін, яғни, 93,6% -ға көтеруді сұрайды.

«Атырау ЖЭО» АҚ жылу өндірісінің тарифін бір гигакалория үшін 7040,38-ден 13 718,73 теңгеге дейін, яғни, 94,8%-ға көтеруді жоспарлайды.

Монополистер қызметтердің қымбаттауына шекті тарифтердің қолданыс мерзімінің өтуі, 2021-25 жылдарға арналған тарифтерді бекіту қажеттігі және осы мерзімге бекітілген инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асуы себеп болып отыр дейді. 2-6 қазанға қоғамдық тыңдау тағайындалды, ол коронавирусқа байланысты онлайн режимінде өтеді және Департаменттің ФБ парақшасында тікелей көрсетіледі.

Мирас МҰСТАФАЕВ

9 қыркүйек 2020, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.