Атырау, 20 мамыр 04:51
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тонаушы 84 жастағы әженің сырғасын шешіп алған

3 378 просмотра

Бұл оқиға Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында болған. Түнге қарай мас тонаушы кіре беріс есіктің ашық тұрғанын пайдаланып, бөтен үйге кірген. Үйде қарт әжеден басқа ешкім болмаған.

Қылмыскер айқайламас үшін қорғансыз әженің аузын жауып, құлағынан алтын сырғаларын жұлып алған. Үйге келген туыстары полиция шақыртады.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер екі күннің ішінде күдіктіні тапты. Оның іс-әрекеті ҚР ҚК 191-бабының 3-тармағының 3-тармақшасы («Үй-жайға заңсыз кіруімен жасалған тонау») бойынша бағаланып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды

9 қыркүйек 2020, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.