Атырау, 3 мамыр 04:27
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Цой Қазақстандағы және әлемдегі коронавирус бойынша жағдайды салыстырды

2 409 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда әзірге коронавирус жағдайы тұрақтанғанын, бірақ Еуропа мен Азияның бірнеше елінде науқастар саны көбейіп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр 5 шілдеден бастап ауруханалардың төсектердің саны алты есе, ал реанимациялық төсек орындарының саны 6,6 есеге азайғанын айтты.

Реклама 02

"Еліміздегі жағдайдың тұрақтануы аясында Еуропа мен Азияның бірқатар елінде тамыз айының басынан бастап коронавирус қайта өршіп жатыр. Өсім Италия, Австрия, Испания, Германия, Оңтүстік Корея, Түркияда байқалды. ТМД елдерінде науқастардың орташа өсімі - 0,5 пайыз, бұл Қазақстандағы көрсеткіштен бес есе жоғары", - деп хабарлады Цой ОКҚ брифингінде.

"Аурудың таралуын болдырмау және осы динамиканы сақтау үшін кейбір шектеу шарасы демалыс күндері сақталады", - деді Алексей Цой.
9 қыркүйек 2020, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.