Атырау, 3 мамыр 06:35
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Тіл саясаты комитетіне жаңа төраға сайланды

2 591 просмотра

Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Әділбек Қабаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қабаев Әділбек Күнесханұлы 1963 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ мемлекеттік университетін, 2011 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

Әр жылдары "Арай-Заря" журналында, "Лениншіл жас", "Жас Алаш", "Айқын" газеттерінде корректор, тілші, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, редактор болып жұмыс істеді.

2009-2012 жылдары ҚР Бас Прокуроры Аппаратының тіл саясаты және ақпарат басқармасы басшысының м. а., басшысы, ҚР Бас Прокурорының аға көмекшісі, ҚР Бас Прокуроры Аппаратының медиа-орталығының басшысы, баспасөз қызметінің басшысы болды.

2012-2020 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің жетекшісі болған. 2020 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарып келді.

8 қыркүйек 2020, 17:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.