Атырау, 2 мамыр 23:03
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Лукашенко: Расында, бір орнымда көп отырып қалған шығармын...

2 551 просмотра

Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко өзінің бір орнында "біршама отырып қалғанын" мойындады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Иә, мүмкін, бір орнымда біраз отырып қалған шығармын. Мүмкін, мені тек теледидардан ғана емес, үтік пен шәйнектен де көрсете бастаған шығар. Иә. Бірақ, шын мәнінде, қазір Беларусь елін, тек мен ғана қорғай аламын, - деді Лукашенко "Россия 1" телеарнасына берген сұқбатында.

РИА Новостидің хабарлауынша, президенттік сайлау Беларуссияда 9 тамызда өтті, Лукашенко алтыншы рет жеңіске жетті. Ел оппозициясы сайлау нәтижелерін мойындамады, олар сайлауда Светлана Тихановская жеңді деп санайды. Лукашенка 1994 жылдың 20 шілдесінен бастап елді басқарып келеді.

8 қыркүйек 2020, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.