Атырау, 3 мамыр 03:35
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қазақстандықтардың 6,3 пайызы ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

2 537 просмотра

БЖЗҚ салымшыларының 6,3 пайызы немесе 720 мың адам ғана зейнетақы жинағын үй алуға, емделуге немесе қаржы компанияларының басқаруына бере алады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында айтылады.

2020 жылғы 1 тамыздағы деректер бойынша БЖЗҚ-да 11,5 миллион салымшы бар. 136,1 салымшының жинағы жоқ (жеке зейнет есебі нөлге тең). 

"Оның 6,3 пайызы (720 мың адам) осы шарттарға сәйкес келеді", - деді Еңбек министрлігіндегілер.

Зейнатақы қорындағы ақшасын ала алатын қазақстандықтар:

2021 жылы зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланғысы келетін азаматтар тиісті өтінім жазу керек дейді министрліктегілер.

Еске салайық, 1 қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды және бала таба алмай жүрген отбасыларға қалай көмек көрсетілетінін айтты

8 қыркүйек 2020, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.