Атырау, 2 мамыр 23:35
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Баланы зорлау бойынша бір адамның үстінен 60 қылмыстық іс қозғалған – бас прокуратура

2 654 просмотра

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Биыл балаларға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстар 8 процентке өсіп отыр. Оның өзіндік себептері бар. Мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған бір баланы зорлау бойынша 60 қылмыстық іс қозғалған", – деді Ахметжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Прокурордың айтуынша, қылмыстық жәйттер, яғни эпизодттардың саны өскенімен, жәбірленушілердің саны артпаған.

Бір баланы зорлау бойынша 60 қылмыстық істің қалай қозғалғанын түсіндірген бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушіге қатысты жасалған әрбір жыныстық сипаттағы әрекет бөлек қылмыс ретінде тіркелген.

"Сотқа дейінгі тергеу органдары әрбір жыныстық қатынасты бөлек эпизод ретінде қарастырып, қылмыстық істер қозғаған болатын. Одан кейін барлығын бір өндіріске қосты. Кінәлі адам сотталып, 25 жылға бас бостандығынан айырылды", – деп атап көрсетті Ахметжанов.


8 қыркүйек 2020, 14:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.