Атырау, 3 мамыр 02:30
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

1 қазаннан бастап прокурорлар шешімді келісу бойынша шығарады

3 270 просмотра

Бас прокуратура Президент тапсырмасын орындау бойынша пилоттық жобаны жүзеге асырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Павлодар облысына барып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысындағы негізгі шешімдерді келісу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысымен танысты.

Бұл жоба Президенттің Жолдауында айтылған азаматтардың конституциялық құқықтарына әсер ететін шешімдерді 2021 жылдан бастап прокурорлармен келісу туралы тапсырманы орындау аясында енгізіліп жатыр.

"Пилот барысында келісу электронды форматта жүргізіледі, бұл бұзушылықтардың дереу жолын кесуді қамтамасыз етеді және жазықсыз азаматтарды қылмыстық процесс шеңберіне тартуға жол бермейді. Қазіргі уақытта мұндай механизм Павлодар облысы мен ШҚО-да сынақтан өткізілуде.
Ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап оған еліміздің барлық өңірі қосылады.
Осыған байланысты аумақтық прокуратуралар басшыларына заңдылықты бұзудың жолын кесу және кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде толық шаралар қабылдау туралы міндет қойылды", - делінген прокуратураның хабарламасында.
8 қыркүйек 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.