Атырау, 20 мамыр 06:15
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Саябақ деп айту ұят

Сурет Бейнежазба
5 398 просмотра

Аудан орталығы Индербордағы екі саябақтың күйі кетіп, жанға жайлы болмай тұр. 

Бюджеттің 65 млн теңгесі "Жеңіс" ықшамауданындағы саябаққа  жұмсалып, ол 2015 жылы пайдалануға берілген.  Көп кешікпей, су бұрқағы бірден істен шықты. Ішіндегі Құрмет тақтасы мен сахнадан күй кеткен. Балаларға арналған ойын алаңдары өте қауіпті күйде, сырғанақ төсемтас үстінде тұр. Бұдан бірнеше бала зардап та шегіп жатыр. 

«Көктем» ықшамауданындағы саябаққа 44 млн теңге бөлінді. «Атырау-Индер» трассасына жақын орналасқан бұл саябаққа келушілер өте аз. Төсемтастар үстіне шөп өскен.

Аудан әкімшілігі баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір «Жеңіс» саябағын жөндеуден өткізуге 5 млн теңге қаржы қаралған. Ол қаржы Құрмет тақтасы мен сахнаны әктеуге, демалыс күркелерін жөндеуге, орындықтар мен темір қоршауды қалыпқа келтіруге жұмсалады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

4 қыркүйек 2020, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.