Атырау, 20 мамыр 07:57
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сарыөзекте модульды жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда

3 184 просмотра

Тамыз айының басынан бастап қала маңындағы Сарыөзек ауылында (Черная речка)  «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» компаниясы модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын бастап кетті. Мердігері «BI Industrial» ЖШС.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аурухана жедел құрылыс технологиясы бойынша модульдік блоктардан салынуда. Ол 200 төсек-орынға арналған.

- Ғимарат науқастарды диагностикадан өткізу мен емдеуге, медициналық қызметкер мен науқастың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Жаңа аурухана инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарына сәйкес болады. Сонымен қатар, жергілікті медицина мамандары қайта даярлаудан өтеді, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Құрылысты қазан айында аяқтау жоспарлануда.

Айнұр САПАРОВА

Суретті Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынды.

3 қыркүйек 2020, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.