Атырау, 20 мамыр 12:26
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы полиция департаментінің бастығы мейрамханадағы бір оқиға туралы айтты

12 936 просмотра

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Хамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ тұрғындарға қоғамдық орындарда өте сақ болуды ескертті. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Құрметті мұнайлы астана тұрғындары мен қонақтары!

Аймақтағы карантиндік шектеулердің жеңілдетілуімен, көптеген қоғамдық орындар жұмысын қайта бастады. Бұл тізімде кафе мен мейрамханалар да бар. Өздеріңіз білетіндей, мұндай орындар қылмыстық хроникаға жиі ілігіп жатады.

Мысал ретінде жуырда орын алған бір жағдайды келтіргім келеді. Тамыздың аяғында, түнде "Шалқыма" маңында орналасқан мейрамханалардың бірінде екі ер адам сөзге келіп, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде біреуі ауыр дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлерінің жедел атқарылған іс-әрекеттерінің арқасында, оқиғаға қатысты деген күдікті ретінде Қызылқоға ауданының 28 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы – «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан көңіл көтеру орындарында өте сақ болуды және мас адамдармен жанжалдаспауды сұраймын. Егер Сіз осындай жағдайға куә болсаңыз, ойланбаңыз, дереу 102 кезекші полиция бөліміне қоңырау шалыңыз. Сіздің қоңырауыңыз адам өмірін сақтап қалуға немесе оны жарақаттан аман алып қалуға себеп болуы мүмкін. Біздің мақсатымыз – азаматтар үшін қауіпсіз қоғам қалыптастыру", - деп жазды Үмбетқалиев.

3 қыркүйек 2020, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.