Атырау, 20 мамыр 10:23
 ашықВ Атырау +22
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұр-Сұлтанда полиция Израиль елшілігін қоршауға алды

Сурет
3 155 просмотра

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері Тель-Авивтен жеткізілген күмәнді затқа байланысты Израиль елшілігін қоршауға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, 2 қыркүйекте 102 нөміріне Израиль елшілігінен пошта бойынша күмәнді екі қап жеткізілгені туралы хабар түсті. Заттар Тель-Авив қаласынан Алматы арқылы жеткізілгені белгілі болды. Оның салмағы 7 келіден асады", - делінген қалалық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары "Азия" бизнес орталығын қоршауға алған. Мұнда Израиль елшілігі орналасқан.

"Оқиға орнына полиция департаментінің жедел-тергеу тобы, кинологтар мен шұғыл қызмет көрсететін мамандар келді. Тексеру барысында полиция қызметкерлері қаптардан қауіпті заттарды тапқан жоқ. Онда жеке заттар болған", - делінген хабарлама.

2 қыркүйек 2020, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.