Атырау, 20 мамыр 02:45
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сумен қамтушылар 410 мың теңге жалақының орынды екенін дәлелдеуге тырысты

3 541 просмотра

28 тамызда Табиғи монополияларды реттеу департаментінің ФБ-дағы парақшасында Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының кейбір елді мекендеріне су беру тарифін көтеру туралы «Магистральдық Суағызғы» ЖШС-нің өтініші бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

«Магистральдық Суағызғы» ЖШС бас директорының орынбасары Болатбек МАЖЕНОВ баяндама жасады. Оның айтуынша, 1945 шақырымдық су құбыры 176 тұтынушыны сумен қамтамасыз етеді. Олар суды тікелей алмайды, оларға Құлсары қаласындағы «Жылойсу» КМК сияқты коммуналдық кәсіпорын қызмет көрсетеді. Су көлемінің 8%-ын «Теңізшевройл» ЖШС, 3%-ын - NCOC алады.

Маженов бүгінде тариф шығындарды ақтамайды деп санайды. «Жылойсу» тұрғындар үшін судың текше метрін 39 теңгеден сатып алады, ал ол кем дегенде 120 теңге болуы керек, бұл жерде бастысы - әкімдікпен субсидия алу туралы келісімге келу.

Сонымен қатар, «Магистральдық Суағызғы» ЖШС жаңа тариф туралы өтінімге қызметкерлер үшін айына 410 мың теңге көлеміндегі орташа жалақыны енгізген.

- Мен түсіндірейін: біздің жұмысымыз құбырдағы судың жоғары қысымымен байланысты, сондықтан арнайы білімді маман қажет. Атырау облысында орташа жалақы - 478 мың теңге, сондықтан жалақы біздің саланың шекті мөлшерінен және өңір бойынша статистикалық көрсеткіштен төмен болмауы керек екенін ескере отырып, біз бұл соманы тарифке енгіздік, - деп аяқтады сөзін Маженов.

Осы жылдың басында компанияның резервуар паркін жаңарту және апаттың алдын алу үшін 206 млн теңгеге инвестициялық бағдарлама мақұлданды. Ал дефектоскопияның соңғы дерегі бойынша, Астрахань-Маңғышлақ құбырының 90%-дан астамы тозған. Жалпы ұзындығының 432 шақырымы таяу арадағы 3 жылда шұғыл ауыстырылуы қажет.

Монополияға қарсы орган осы өтінім бойынша шешімді 30 қыркүйекте жарияламақ.

Мирас МҰСТАФАЕВ

30 тамыз 2020, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.