Атырау, 20 мамыр 03:33
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұрсаядағы жылу жүйесінде ескі ақаулар шықты

2 281 просмотра

Нұрсая ықшамауданының тұрғындары жылу жүйесіндегі жөндеу жұмыстарына байланысты ыссы су болмай тұрғанына наразылық білдіріп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр.

- Хабарландыруда жөндеу жұмыстары 27 шілдеден 27 тамызға дейін аяқталады деп жазды. Бүгін 29 тамыз, ал ыссы су әлі жоқ. Тағы неше күн күтеміз?

Көп кешікпей, әкімдіктен мынадай жауап келді: «Жылу желісі 2015 жылдан бері пайдаланылып келеді. Жөндеу бригадалары 300-ге жуық дұрыс дәнекерленбеген жерлерін ашып шықты, жұмыс әлі де жалғасуда. Айта кету керек, бір аулада магистралды жылу трассасының үстіне балалар алаңы қойылғаны анықталды. Ойын алаңын басқа жерге көшіру біраз уақыт алды. Жұмысшылар осы учаскеде жалғағанда дұрыс дәнекерленбеген 6 жерді жөндеді. Сонымен қатар, ықшамауданда ешқандай құжатта көрсетілмеген ескі газ желісі мен электр кабелдері табылды.

Жөндеушілер белгіленген мерзімде аяқтауға үлгере алмай жатыр. Бірақ қайтадан жаңа ақаулар шықпас үшін ескісін дұрыстап жөндеп алу қажет.

Жөндеу жұмыстарын қыркүйектің бірінші онкүндігінде аяқтау жоспарлануда. Содан кейін  қысыммен сынақтан өткізіп алып, іске қосады».

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

30 тамыз 2020, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.