Атырау, 20 мамыр 05:09
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Нұрсаядағы қоныстой

2 971 просмотра

28 тамызда Конституция күні қарсаңында атыраулық 33 отбасыға «Нұрсая» ықшамауданында бой көтерген 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің кілті табысталды.  Баспаналы болғандардың дені - 2013 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы аналар.

- Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалға берілген пәтерлер. Осы бағдарлама аясында жыл басынан бері баспаналы болғандардың саны 257-ге жетті, – дейді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ.

Жыл аяғына дейін, тұрғын үй кезегіндегі азаматтардан бөлек, апатты жағдайдағы жатаханаларды да көшіру көзделіп отыр.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

29 тамыз 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.