Атырау, 7 мамыр 14:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау облысында 13 жасар келін үйіне оралды

4 614 просмотра

25 тамызда әлеуметтік желіде Атырау облысында 13 жасар қыз тұрмысқа шықты деген пост пайда болды. Кәмелетке толмаған қыз 2002 жылғы миялылық жігіттің отбасына келін болып түскен.

Бұл жаңалықты әркім әртүрлі қабылдады. Бір қызығы, «жастарға» бақыт тілегендер де баршылық екен. Бірақ олар әлі бала ғой.

«Тексеру барысында Атырау қаласының Привокзальный ықшамауданында тұратын кәмелетке толмаған қыздың былтыр желтоқсаннан бері Миялы ауылының жігітімен кездесіп жүргені анықталды. Көп кешікпей олар үйленеміз деп шешіп, үш баланы бір өзі өсіріп отырған анасы, неліктен екені белгісіз, ортаншы қызының Миялы ауылына келін болып түсуіне рұқсат берген. Күйеуінің әке-шешесі, тіпті, «келін түсіру» салтын да жасаған. Бұл жаңалық ауыл тұрғындарына тез таралып, полицияға белгілі болды», - деп хабарлайды Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. – Қызылқоға аудандық ювеналдық полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын бастап, қыздың анасын шақырды. Анасының қатысуымен аудандық аурухананың гинекологы қызды тексеріп, оның жыныстық қатынаста болмағанын және басқа да дене жарақатының жоқтығын анықтады. Дегенмен де, кәмелетке толмаған қызбен, оның «күйеуімен» және ата-аналарымен ҚР ҚК-нің 122-бабына сәйкес, 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас үшін қылмыстық жаза қарастырылғаны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді».

Біздің мәліметіміз бойынша, қыз Миялыда бір аптадай болған. Екі жақтың ата-анасы балаларының бір-біріне шынайы ғашық екенін, ал олардың қарым-қатынасы рухани махаббат екенін растап отыр. Полицейлердің тексеру жұмыстарынан кейін қыз үйіне анасына қайтарылды, ол бірнеше күннен кейін мектептегі сабағын жалғастырады. Биыл «қалыңдық» 8-сыныпқа көшкен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 тамыз 2020, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.