Атырау, 8 мамыр 00:08
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау облысында алтыншы рет санитар дәрігер тағайындалды

3 755 просмотра

Бұл қызметке 37 жастағы Маңғыстау облысының тумасы Асылбек ШАРОВ тағайындалды.

Оны Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ұжымына облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаев таныстырды.

Ақтөбеден М.Оспанов атындағы медицина академиясын аяқтағаннан кейін ол еңбек жолын Жаңаөзен қаласы бойынша МСЭҚ басқармасының бас маманы болып бастаған. 2006-2011 жылдары - Маңғыстау облысы бойынша МСЭҚ департаментінің радиациялық қауіпсіздікті қадағалау бөлімінің бас маманы. 2011-2012 жылдары - Қарақия ауданы бойынша МСЭҚ басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары СЭС басқармасына басшылық етті, сонымен қатар Жаңаөзен қаласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бастығы болды. 2020 жылдың басында Маңғыстау облысының Шетпе ауылының әкімі болып тағайындалды. 8 маусымнан бастап Маңғыстау облысының ТКҚСҚБ департаментінің инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы болып қызмет атқарған.

Бұл коронавирус эпидемиясы басталғаннан бері облысымызда тағайындалған алтыншы бас санитар дәрігер. Бір кездері бұл лауазымды Мейіржан Есімбаев, Темірбек Мұсағалиев, Амантай Жұмағалиев, Сәдуақас Байғабылов және Қанат Ғайнеденов басқарған еді. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 тамыз 2020, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.