Атырау, 7 мамыр 18:31
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +12
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Тарихқа куә болған көне жәдігерлер

Сурет
7 535 просмотра

Атыраулық археологтар Қызылқоға ауданындағы қорғандарға жүргізген қазба жұмыстарынан олжалы оралды. Бір ай бойы жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде 500-ден астам тарихи жәдігер табылды.

Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен қазба жұмыстары үш қорғанға жүргізілген. Олар аудан ортылығы Миялыдан 6 шақырым қашықтықта орналасқан.  Жұмысқа студенттермен қатар жергілікті жұмыссыз ауыл жастары да тартылған.


Қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Марат ҚАСЕНОВТЫҢ айтуынша, табылған жәдігерлер б.э.д 2 ғ.- б.э.д 11 ғасыр аралығында Солтүстік Каспий маңын мекендеген тайпаларға тиесілі. Атап айтқанда, жүзге жуық сары түсті метал жапсырмалары (алтын), 82 күміс бұйымдар, ат әбзелдері, құмыралар, қанжар, садақ ұштары. Ең үлкен олжа - тұтастай бұзылмаған сауыт. Жәдігерлер зертханадан өтіп, ғылыми сипаттамасы жазылған соң аудандық және облыстық музейлерде қойылады. Енді археологтар Азғыр өңіріндегі Асан елді мекені маңындағы Құдайберген қорымын қазуға кетті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ 

Суреттер мен бейнежазба облыстық тарихи-өлкетану музейінен алынды

25 тамыз 2020, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.