Атырау, 8 мамыр 13:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Назарбаевтың қатысуымен өтетін үлкен жиын тағы да кейінге қалдырылды

2 794 просмотра

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы 28 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Твиттерде хабарлады.

"Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды", - деп жазды ол.

Байбек партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында бюро мүшесі, премьер-министр Асқар Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындардың табысын ынталандыруды тапсырғанын жеткізді.

Сонымен қатар, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері ұсынылады.

Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысы алғашында 24 тамызға жоспарланған еді. Кейін жиынды 25 тамызға ауыстырды.

Саяси кеңес бюросы немен айналысады

Саяси кеңес бюросы – партияның басқарушы органы. Ол съездер мен саяси кеңес отырыстары арасындағы кезеңде партияның жұмысын басқарады, өзекті әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси мәселелерді талқылайды.

Сондай-ақ, бюро партия тізіміне енгізілген мәжіліс депутаты болуға кандидаттардың арасында депутаттық мандаттарды бөлу кезектілігін айқындайды, партияның саяси кеңесінің отырыстарын шақырады.

Сонымен қатар саяси кеңес бюросы мәжілісте депутаттық фракция құрады.

Дереккөз: sputniknews.kz

24 тамыз 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.