Атырау, 8 мамыр 13:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мерзімінен бұрын бостандыққа шықты. Бірақ алдымен айыппұл төледі

Сурет
3 488 просмотра

Тамыздан бастап 10 сотталған адам, оның ішінде Өзбекстан азаматы жазаның өтелмеген бөлігі үшін айыппұл төлеп, УГ-157/9 мекемесінен (ерлер түзеу колониясы) бостандыққа шықты. «AЖ» тілшісі олармен тілдескен еді.

28 жастағы Өзбекстан азаматы Досбол ПАЛУАНОВ өткен жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) 3 жылға сотталған. Енді ол жазаның өтелмеген бөлігі үшін 1 миллионнан астам теңге төлеп, бостандыққа шықты. Колония қызметкерлерінің айтуынша, өзбек ағайындардың айыппұл төлеп немесе келтірілген залалды өтеп, мерзімінен бұрын босатылуы өте сирек жағдай.

- Мен Ақтауда, содан кейін Атырауда құрылыс алаңдарында жұмыс істедім. Осы жерде төбелес болып, бір адамды жараладым, сол үшін үш жылға жаза алдым. Енді ешқашан түрмеге түсетіндей ешнәрсе жасамаймын деп өзіме уәде бердім, - дейді Досбол.

- Абақтыда уақыт қалай өтті?

- Мен оны пайдалы өткізуге тырыстым. Осы жердегі кітапханадан қазақ әдебиетін оқыдым, қазір қазақ тілін жақсы түсінемін әрі сөйлеймін. Спорттық және мәдени шараларға қатыстым. Сонымен қатар, футбол ойнауды үйрендім, ал бостандықта жүргенде допты қолыма алған емеспін.

Бостандыққа шыққан күні Досбол полиция департаментінің көші-қон қызметіне тіркеліп, оның ісі Атырау қаласының әкімшілік сотына жолданды. 10 күннен кейін оны үйіне жібереді.

- Отаныма, Қарақалпақстанға ораламын. Қазақстанға оралу жоспарымда жоқ. Өз жерімде үй салып, отбасын құрғым келеді, - дейді Досбол.

«БҰЛ КӨП ЕЛДЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛАДЫ»

Тағы бір бостандыққа шығушы - Ақтау қаласының тумасы, 24 жастағы Данияр. 2019 жылы ол ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша 6 жылға сотталған. Енді ол айыппұл төлеп,  бостандыққа шықты.

- Бәрі жастықпен болды ғой, бірақ қазір бостандыққа шығып жатырмын. Өмірім әлі алда, енді мұндай қателік жасамаймын деп ойлаймын, - дейді Данияр сеніммен.

Даниярдың бостандыққа шығуын ата-анасы мен жас әйелі күтіп жүрді. Даниярмен әңгімелескеннен кейін денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық пробация қызметінің өкілдері колонияға келіп, консультациялық көмек берді. Колония қызметкерлері Досболды көші-қон қызметіне, ал Даниярды Ақтауға шығарып салды.

- Көп елдерде, оның ішінде Еуропа елдерінде бас бостандығынан айыруды айыппұлмен алмастыру әдісі қолданылады. Мұндай тәжірибе көршілес Ресейде де бар, - дейді УГ-157/9 басшысы Думан ТӘЖЕНОВ. - Көпшілігі бұл үлгіні әлі де түсінбейді, сондықтан сотталғандар өз бостандықтарын сатып алады деген түсінік қалыптасқан. Бұл олай емес. Бұл жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру. Басқаша айтқанда, шартты түрде мерзімінен бұрын бостандыққа шығу. Ауыстыру кезінде сотталушының мінез-құлқы мен тәртібі ескеріледі.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

20 тамыз 2020, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.