Атырау, 8 мамыр 11:58
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +14
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Итті жол бойымен сүйреген жүргізуші әрекетін түсіндірді

3 651 просмотра

Полиция Алматы облысында итті байлап, жолда сүйреген жүргізушіні ұстады. Ер адам өзінің қатал әрекетін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жануарға қатысты қатыгездік туралы видео жарияланғаннан кейін полиция көлік жүргізушісін іздей бастаған. Аймақтың полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 тамызда таңертең Құлжа трассасында болған.

"Нәтижесінде, Еңбекшіқазақ ауданының 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталушының қоқыс шығарумен айналысатыны анықталды. Ер адамның айтуынша, жолдың жанындағы өлі итті байқаған ол оны көлікке байлап, адам жоқ жерге сүйреп апаруды ойлаған. Бұл дәлелдердің шынайы екені қазір расталып жатыр", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұл дерек бойынша Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция басқармасы "Жануарларға қатыгездiк жасау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Еске салайық, оқиғаның видеосы 20 тамызда әлеуметтік желіде жарияланған. Кадрлардан жүргізушінің кішкентай иттің артқы аяғын жүк көлігіне байлап, тасжол бойымен сүйрегені көрсетілген.

20 тамыз 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.