Атырау, 8 мамыр 18:12
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

​ТМД бойынша Қазақстандағы жанармай бағасы ең көп қымбаттаған

2 591 просмотра

Қазақстандық жанармай өндірушілер өнім құнын төмендетсе де, тұтынушылар алатын баға өсіп жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстанда ең жоғары өсім байқалады. Бұл туралы LS сараптама агентігі хабарлады. 

Мәселен, Қырғызстанда жанармай 5,8%, Беларусьте 5,2%, Ресейде 3,2% қымбаттаса, Арменияда отын-энергетика ресурстарының құны 1,7% өскен. Бірақ тауар өндірушілерге келер болсақ, Қазақстанда керісінше зауыттар бағаны айтарлықтай төмендеткен. Отандық кәсіпорындардың өнім бағасы бір жылда 20% -ке арзандаған. Жалпы Одаққа кіретін мемелкеттер арасында ең арзан жанармай Қазақстан мен Қырғызстанда. Жанғыш отынның бір литрі 0,4 доллар.

Арменияда 0,6 доллар болса, Ресейде 0,7 доллар. Түркияның жылжымайтын мүлік нарығында рекорд орнады. Шілдеде мұндағы тұрғын үйлер сатылымы былтырғыға қарағанда 124 процентке артты. Ипотекалық келісімдер 900 процентке артқан. ұлттық статистика институтының дерегі бұл. Сарапшылардың айтуынша, Түркияда өткен айда 300 мың тұрғын үй сатылды. Ең көбі мүлік Стамбул мен Анкарада сатылған. Сатып алушылардың дені Иран, Ирак, Ресей, Ауғанстан және Германия халқы екен. «Нарықтағы баға» айдары. Қостанайда 10 дана жұмыртқа 260 теңге. Петропавлда 270 теңге. Таразда бұл өнімнің құны 350 теңгеге дейін жетеді. Ал Оралдықтар 10 дана жұмыртқаны 250 теңгеден сатып алады. Шығыс Қазақстан облысында жұмыртқа 300 теңге. 

Талдықорғандықтар бұл өнімді 260 теңгеден алады. Ал елордада 10 дана жұмыртқа 400 теңге. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллардың орташа бағамы 418 теңге 6 тиын, еуро 499 теңге, рубль 5 теңге 72  тиын.

Дереккөз: 24.kz

20 тамыз 2020, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.