Атырау, 8 мамыр 22:17
 ашықВ Атырау +9
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Атырау әуежайының қызметкері сарбаздардың атын жамылып, алаяқтық жасаған

3 485 просмотра

ҚР ІІМ Батыс өңірлік Әскери тергеу тобы 29 жастағы Атырау Халықаралық әуежайының қызметкеріне қатысты қылмыстық істі сотқа жөнелтті. Тергеу жорамалы бойынша, айыпталушы әскерде жүрген жас сарбаздардың атынан әлеуметтік желіден парақша ашып, олардың туыстарынан ақша сұраған.

Өзінің алғашқы қылмысын 1 желтоқсанда түркістандық жас сарбаздың атынан парақша ашып, оның қарындасынан «Телефонмен сержанттарға ұсталып қалдым» деп 6000 теңгені бірлік ретінде жіберуді сұраудан бастаған. Одан кейін шымкенттік сарбаздың атынан парақша ашып, оның анасынан 6500 теңге алған. Тағы бір эпизод: алматылық сарбаздың інісіне «сержанттарға ұсталып қалдым, ақша бермесем қинайды» деп хат жазып, 6000 теңге салдыртып алған.

- Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа жолданды. Барлығы оған 6 эпизод бойынша айып тағылып отыр, - дейді әскери-тергеу тобының аға тергеушісі Нұрлыбек ҚҰЛШАРОВ. – Қазір күдікті ешқайда кетпеу жөніндегі қолхатпен жүр.

Фархат ӘБІЛОВ

20 тамыз 2020, 22:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.