2019 жылы Атырау қаласына қосылған және бұған дейін Махамбет ауданына қараған Береке ауылының көшелерін күрделі жөндеуге қалалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді. Бұл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылады.
Тендер шартына сәйкес, жобада 418 жұмыссыз жұмыспен қамтылуы керек. Олардың жалақысы «Республикалық бюджет туралы» заңмен белгіленген ең төменгі екі жалақы көлемінен (85 000 теңге) кем болмауы тиіс. Одан көп болса, тіптен жақсы.
Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ