Атырау қаласында 2010-2012 жылдары инвесторлардың қаржысы есебінен салынған 7 электр қосалқы станциясына жүргізілген зерттеу нәтижелері белгілі болды.
Сол кезде Атырауда ірі энергетикалық нысандар - қуаттылығы 110/35/10 киловольттық «Нұрсая», «Ескі қала», «Теңдік», «Северная», «Жұмыскер», «Көк Арна» және «Әуежай» қосалқы станциялары салынды.
«Атырау-Жарық» компаниясы «Нұрсая» қосалқы станциясын 2017 жылы, «Ескі қала» және «Көк Арна» станцияларын 2019 жылы іске қосты. Биылғы жылы «Жұмыскер» қосалқы станциясындағы жабдықты іске қосуға әзірленіп жатыр. «Атырау-Жарық» АҚ хабарлағандай, «бұл нысандарды іске қосу Атыраудың электрмен жабдықталу жағдайына оң әсер етті».
Ал қалған үш қосалқы станцияда жағдай әлдеқайда нашар: зерттеу нәтижелері бойынша, олардың талан-тараж болғаны, электр жабдықтарын қалпына келтіру мүмкін еместігі анықталды.
Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ