Атырау, 18 мамыр 17:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматы облысында қыз алып қашпақшы болғандар ұсталды

2 994 просмотра

Кездейсоқ куәгер қызды құтқарды. Бұл туралы блогер Алексей Цой Instagram-дағы парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Блогердің айтуынша, оқыс оқиға Алматы облысында болған. Қызға Рамазан Асилов есімді жігіт көмектескен. Осыдан бірнеше күн бұрын 3 жігіт қызды күшпен көлікке отырғызып жатқанын көріпті. 

"Қыз осы сәтте өмірден үміт үзгенін айтады. Қызды алып қашпақшы болған жігіттің бірі онымен бірге әскери бөлімде жұмыс істепті. Бірақ қыз оны жақсы білмейтінін айтады. Жігіт келісімшарт бойынша қызмет еткен. Ол қызды қалаға дейін жеткізіп тастайын деп ұсыныс айтқан. Қыз келіскен.
Бірақ ол жолда кездейсоқ достарын кездестіріпті. Жігіт оларды да тиісті жерге жеткізбекші болған. Алайда ол қалаға баратын жолды емес, басқа жолды таңдаған. Мұны байқаған қыз ашулана бастаған. Осы сәтте әскери қызметкер қызға "Үніңді шығарма" деп аузын жауып тастапты. Жолда олар аялдама жасаған. Қыз осы сәтті пайдаланып, көліктен атып шығып, адамдардан көмек сұрай бастаған" - деп жазды Алексей Цой
31 шілде 2020, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.