Атырау, 3 мамыр 04:39
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Қайтыс болған медқызметкерлердің отбасына өтемақы әзір төленген жоқ - «тексеру жүріп жатыр»

3 998 просмотра

Атырауда қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына өтемақы төлеу әзірге басталған жоқ. Қазір эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ҚАБДЫҚАПАРОВ. Оның қандай тексеру екенін нақтыламады.

- Өтемақы Атырау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қорытындысынан кейін төленеді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Оның қорытындысы арнайы комиссияның қарауына ұсынылады. Комиссия құрамына облыс әкімінің орынбасары, тиісті басқарма басшылары, жұртшылық өкілдері кіреді, - деді Қабдықапаров. Оның айтуынша, Атырау облысында коронавирусқа қарсы күрес барысында төрт медицина қызметкері қаза тауып, 243 қызметкер ауру жұқтырған.

Жұмыс кезінде ауру жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді. Ал пандемиямен күрес кезінде қаза тапқандардың отбасына 10 миллион теңге төленеді. Қаражат республикалық бюджеттен бөлінеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы марқұм болған төрт медицина қызметкері деп, қайтыс болғаннан кейін Президент марапаттаған облыстық жедел жәрдем станциясының фельдшері Алмагүл Демесинованы, №2 облыстық аурухананың инфекционист дәрігері Жұмабек Дәулетовті, облыстық аурухананың дәрігері Ғаділет Сұлтанғалиевты және облыстық кардиология орталығының хатшысы Елена Папузинаны айтып отырған шығар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

28 шілде 2020, 11:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.