Атырау, 3 мамыр 04:52
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Той жасау тыйылмай тұр

4 235 просмотра

Полиция департаментінің мәліметінше, Атырау облысында 5-24 шілде аралығында карантин режимін бұзған 1042 дерек анықталды. Мәселен, 24 шілдеде Атырауда үйінде көп адам жинап, жиын-той өткізген бес отбасы анықталды.

- Қонақ шақыруға тыйым салынғанына қарамастан, Балауса ықшам ауданының тұрғыны 80 адам қатысқан құдалық жасаған. Ал Тасқала ауылында жергілікті тұрғын келін түсіріп, 50 адамның басын қосқан, - дейді ПД өкілі Гүлназира МҰХТАРОВА.

Бұдан басқа, рейдтік шара кезінде дүкен иелерінің режим бұзғаны анықталды.

- Привокзальныйдағы «Алкомаркет» дүкені мен Томарлы ауылындағы «Фариза» азық-түлік дүкені кешкі сағат тоғыздан кейін жұмыс жасап тұрса, Береке, Ширина ауылдарындағы және Нұржанов көшесіндегі дүкен сатушылары медициналық маскасыз және  қолғапсыз жұмыс жасаған, - деп әңгімелейді Мұхтарова. – Балықшыдағы көлік жуу орны, Привокзальныйдағы «Куры гриль» дүңгіршегі, Баймұханов көшесіндегі «Донерстан» карантин режимін бұзып, жұмыс істеген.

Осы деректер бойынша жинақталған барлық материал әкімшілік жауапқа тарту үшін қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қауіпсіздігінің сапасын бақылау басқармасына жолданды. Оларға ірі көлемде айыппұл салынады.

Өңірімізде карантин шаралары 19 шілдеден 3 тамызға дейін ұзартылғанын естеріңізге салған жөн.

Фархат ӘБІЛОВ

27 шілде 2020, 19:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.