Атырау, 17 мамыр 12:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

​COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар МӘМС-тен кейбір дәрілерді тегін ала алады

2 601 просмотра

COVID-19 жұқтырған қазақстандықтар әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан кейбір дәрілерді тегін ала алады.

«Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылы қабылданған 666 бұйрығына сәйкес жекелеген аурулары бар азамат мен жекелеген санаттағы азаматтар дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізіміне сәйкес амбулаториялық деңгейде респираторлық ауруларды емдеуге қажетті дәрі-дәрмекті ала алады. Тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған тегін дәрілер, соның ішінде COVID-19-ды амбулаториялық деңгейде емдеуге МӘМС қаражатының есебінен мынадай дәрілермен қамтамасыз ету қарастырылған: балаларға азитромицин, амоксоциклин, цифуракцин, яғни бактерияға қарсы дәрілер және дене қызуын түсіретін ибупрофен және парацетамол. Ересектерге азитромицин мен амоксоциклин бактерияға қарсы дәрілері беріледі», - деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов ОКҚ брифингінде.

27 шілде 2020, 13:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.