Атырау, 2 мамыр 23:17
 ашықВ Атырау +19
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Вице-премьер Тоғжанов Атырауға жағдайды тексеру үшін келді

4 029 просмотра
ӨКҚ ұсынған сурет

Аймақтағы эпидемиологиялық жағдаймен танысу үшін Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация Атырау облысына келді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жұмыс сапары аясында ол «СК-Фармация» ЖШС қоймаларына барып, медициналық мекемелердің бір айлық тұрақты қоры қаншалықты қамтылғанын тексерді.

- Қазір аталған мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамту жолға қойылған. Атап айтқанда, «СК-Фармация» апта сайын 338 түрлі препараттар жеткізіп тұрады. Одан бөлек облыс дәріханаларына да соңғы екі апта ішінде 80 тонна дәрі-дәрмек әкелінген. Негізгі медикаменттер бойынша облыстың барлық медициналық мекемелерінде бір айлық  қор бар, алайда, қажетті сегіз дәрі бойынша қор бір аптаға ғана жетеді, - делінген баспасөз хабарламасында. 

«СК-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Е.Искалиев аталған мәселені үш күннің ішінде шешуге дайын екенін жеткізді. Премьер-министрдің орынбасары «СК-Фармация» компаниясына облыс әкімдігімен бірлесе отырып, үш айлық дәрі-дәрмек қорын қалыптастыру үшін өтінім беру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.  

Әкімдікте өткен жиында медициналық мекемелерді өкпені жасанды желдету аппараттарымен және оттегі концентраттарымен толық жабдықтауды тапсырып, түсіндіру жұмыстарын күшейтуді  жалғастырып, халықтың санитарлық нормаларды сақтауға баса мән беру керектігін атап өтті.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов инфекциялық станционар ретінде жұмыс істеп жатқан Атырау облыстық №2 ауруханасына да барды. Онда барлығы 1557 адам коронавирус инфекциясымен түсіп, олардың 1386-сы жазылып шыққан. 

Облыста қазіргі кезде инфекциялық орындар 60 пайызға артқан. Ал шілде айының басынан бері аталған орындар 83 пайыздан 61,7 пайызға дейін босаған.

25 шілде 2020, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.