Атырау, 17 мамыр 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Прокуратура тергеуші тым жұмсақ жазаланды деп санайды

4 312 просмотра

Атырау қалалық полиция бөлімшесінің аса маңызды істер бойынша тергеушісі Айтөре АЛАШҚА қатысты соттың аяқталғаны туралы «АЖ»-дағы мақала қоғамдық пікірталас тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. «АЖ»-нің өтініші бойынша облыстық прокуратура да өз пікірін білдірді.

- Арнайы прокурорлар тобы Атырау полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Айтөре Алашқа қатысты ҚР ҚК 370-бабының 4-бөлімі бойынша («Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік») тергеу жүргізді. Сотта оның іс-әрекеті 371  баптың 2 бөлігі – «Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық» деген бөлігіне қайта сараланып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. – Прокуратура соттың осындай шешімімен келіскен жоқ және үкімнің күшін жоюға және 370-баптың 4-бөлігі бойынша істі қайта қарауға апелляциялық өтініш жолдады. Қазір өтініш қаралуда.

370-баптың 4-бөлігі мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Фархат ӘБІЛОВ

25 шілде 2020, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.