Атырау, 17 мамыр 12:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Қазақстан педофилдерінің суреттері жарияланды

4 525 просмотра

2019 жылдың соңындағы мәліметтер бойынша, Қазақстанның құқық қорғау органдарында бір жарым мыңға жуық педофил және 2800-ден астам зорлықшы есепте тұрған. Осындай статистиканы "Хабар 24" телеарнасы келтірді.

Қазір республикалық түзеу мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы қылмыс жасағаны үшін 1600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Осы істер бойынша барлық толық ақпаратты, соның ішінде зорлықшылардың суреті мен аттарын infopublic.pravstat.kz сайтындағы арнайы бөлімдердің бірінде көруге болады.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті педофилдер туралы деректердің электрон картасын бірнеше жыл бұрын ұсынған болатын. Онда аймақтар мен қылмыс жасау мерзімдері бойынша ақпарат ашық жарияланған.

"Бұл картаны әрбір ата-ана көруі тиіс", - деп жазылған телеарна сайтында.


25 шілде 2020, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.