Атырау, 17 мамыр 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Атырауда сарбаздар көпірден секірмек болған балалы әйелді құтқарып қалды

4 180 просмотра

24 шілдеде Атырауда түнгі сағат он екі жарымда бір әйел баласымен орталық көпірден секірмек болған. Оның бұл әрекетіне Ұлттық ұланның сарбаздары кедергі жасады.

- Осы аумақты күзетіп жүрген әскери жасақ қараңғыда орталық көпірден секіруге оңтайланған баласы бар әйелді байқайды. Кіші сержант Ерген Нұрғалиевтың ептілігінің арқасында әйелді жаңсақ әрекет жасамауға көндіріп, содан кейін сарбаздар оларды қауіпсіз жерге апарды, - деп хабарлайды Ұлттық ұланның "Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Полицейлер келгенше сарбаздар әйелді сабырға шақырады. Өз-өзіне қол жұмсауына отбасылық жанжал себеп болған екен.

Фархат ӘБІЛОВ

25 шілде 2020, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.