Атырау, 11 мамыр 22:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Коронавирус жұқтырған 319 адам қосалқы аурулардан қайтыс болды - бас санитар

2 820 просмотра

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус жұқтырған 319 адам қосалқы аурулардан қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қайтыс болған жағдайларды қарайтын комиссияның шешіміне сәйкес, коронавирустан емес, қосалқы аурулардан 319 көз жұмды", - деді Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұдан бөлек, оның айтуынша, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда пневмониядан 1 772 адам қайтыс болған. 

Сондай-ақ бас санитар Қазақстанда 23 шілдедегі жағдай бойынша 76 794 адам коронавирус  жұқтырғанын атап өтті. Оның ішінде 48 202 адам немесе 53 пайызы аурудан айықты.

"Тәулік сайынғы ауырып қалғандардың көрсеткіші 1600-1700 деңгейінде қалып отыр. 5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары енгізілгеннен кейін екі аптада 21 532 жағдай тіркелді", - деп қосты ол.
23 шілде 2020, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.