Атырау, 12 мамыр 16:03
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Алматы ауруханаларында төсек орындардың жартысынан көбі бос - Сағынтаев

2 802 просмотра

Алматы ауруханаларында төсек орындарының жартысынан көбі бос: 47 пайыз орын бос емес. Бұл туралы Almaty.tv телеарнасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ауруханалардың саны көбейді, бүгінде олар 26-ға жетті. Көп жұмыс атқарылды. Бүгінде коронавирус инфекциясын емдеумен 4464 медицина қызметкері айналысып жатыр, 1526 кадр резерві құрылды. 
Төсек-орындардың санын алдағы бір жарым-екі айда 7710-ға жеткізу жоспарланды. Мысалы, Түрксіб ауданының қызмет көрсету базасында 500 орын дайындалмақ", - деді әкім. 

Бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада ЖРВИ мен пневмония жұқтырғандар саны бес есе өскенін хабарлаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 10 067 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде, 6 мыңнан аса дам аурудан айыққан. Жалпы 73 адам қайтыс болған. 

23 шілде 2020, 12:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.