Атырау, 12 мамыр 15:29
 ашықВ Атырау +18
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

ЖОО-дағы қашықтан оқыту: оқу ақысы бұрынғыша қалады

3 740 просмотра

Жоғарғы оқу орындары қашықтан оқуға көшіп жатқанына қарамастан, оқу құны төмендемейді. Оқуға түсуге өтініш электронды түрде қабылданады, мемлекеттік білім беру грантын алуға өтініш қабылдау 30 шілдеге дейін, ақылы оқуға - 28 тамызға дейін ұзартылды.

Бұл туралы жергілікті оқу орындарының өкілдері ӨКҚ-де өткен онлайн-брифинг кезінде айтты.

- Оқу құны туралы мәселе бүгінде өте өзекті болып отыр, ол бүкіл жоғарғы оқу орындарында талқылануда. Бірақ айта кету керек, оқу орындары күндізгі оқытуға кететін шығындарды азайтып отырғанымен, компьютер техникаларын, серверлерді, сертификаттарды жаңарту және т.б. секілді қашықтан оқытуды сапалы әзірлеу шығындары артып келеді, - дейді АМжГУ проректоры Болатжан ҚҰМАЛАҚОВ.

Х.Досмұхамедұлы атындағы АМУ ректоры Саламат ИДРИСОВТІҢ айтуынша, мемлекеттік грант құны жылына 955 мыңға дейін өсті, бұл жоғарғы оқу орындары үшін жақсы қолдау болып отыр. Бірақ мемлекет АМУ студенттерінің тек 15 пайызының оқу ақысын төлейді, қалғаны өз қаражаты есебінен білім алады. Осыған байланысты жоғарғы оқу орнының басшылығы жаңа оқу жылында оқу құнын өзгертпеу туралы шешім қабылдаған.

APEC Petrotechnic жоғары техникалық мектебінің директоры Жанарбек ЖАРЫЛҒАСЫНОВ өздерінің оқу орнында да оқу құны өзгеріссіз қалатынын айтты.

Биыл Қазақстанның жоғары оқу орындарына 53 мыңнан астам мемлекеттік білім гранты бөлінді, басым бөлігі - педагогика, ақпараттық технологиялар және құрылыс саласы бойынша.

Естеріңізге салсақ, 25 шілде мен 3 тамыз аралығында кезекті, соңғы ҰБТ-ға өтініштер қабылданады. Тестілеу 17-20 тамызға жоспарланған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 шілде 2020, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.