Атырау, 12 мамыр 05:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

"Болашақ" стипендиясына құжат қабылдау басталды

2 451 просмотра

Магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы басталды, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды онлайн-режимде egov.kz мемлекеттік қызметтер порталы арқылы жолдау қажет.

"Құжат 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап 31 қазанға дейін қабылданады", - делінген хабарламада.

Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандық ұсынылып отыр. Басымдыққа ие мамандықтар тізімін бағдарламаның сайтынан көруге болады.  

Сонымен қатар, бағдарлама шеңберінде білім алуға 138  жоғары оқу орнынан тұратын тізім бекітілді.    

23 шілде 2020, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.