Атырау, 11 мамыр 18:45
 бұлттыВ Атырау +15
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді тапсырды

2 415 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.  

Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзу бойынша күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырма берді.

"Біз қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін "маска көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады", - деп атап өтті вице-премьер.

Вируспен күрес барлық қазақстандықты біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек, деп толықтыры ол.

COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 2,3 процентке дейін төмендеді

Отырыс барысында денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шаралар қабылдаудың арқасында бірқатар оң нәтижеге қол жеткізілгенін мәлімдеді:

  • COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-тен 2,3 процентке дейін төмендеді;
  • сауығып кеткендердің саны 60%-ке артты;
  • жедел жәрдем шақыру саны 31%-ке, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;
  • реанимациялық төсек-орын саны 12%-ке, стационарлардағы төсек-орын 81%-тен 56%-ке дейін төмендеді.

Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша  өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіштер тіркелген.

Сондай-ақ, премьер-министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шараларды қабылдауды тапсырды.

Ішкі істер министрлігі осы жылдың 5 шілдесінен бастап 4,3 мың карантинді бұзу оқиғасы тіркелгенін атап өтті.  

23 шілде 2020, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.