Атырау, 12 мамыр 03:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Министрлік Атырауға Оралдан ИВЛ аппараттарын сатып алудан бас тартуды талап етуде - Перуашев

3 880 просмотра

Денсаулық сақтау министрлігі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Түркияда сатып алатындықтан ИВЛ аппараттарын Оралдан сатып алудан бас тартуды талап етуде, деп хабарлайды депутат Азат Перуашев.

"ОралМедРегион" ЖШС-на байланысты Премьер- Министрге хат жолдадым. Отандық ИВЛ аппараттарын өндіруші оны Атырауға жеткізу үшін келісім-шарт жасасқан ... Алайда, денсаулық министрлігі ИВЛ-ді Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып аламыз деп шартты бұзуды талап етуде", делінген хабарламада.

Ол сонымен бірге хабарламаға «ОралМедРегион» ЖШС-нің 21 шілдеде компания мен Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы арасында 45 ИВЛ МВ 200 «Зислайн» ИВЛ аппаратын жеткізуге келісім жасалғандығы туралы хатты жалғапты.

Ол кейінірек вице-премьер Роман Склярмен хабарласқанын жазыпты.

"Мәселе үкіметтің бақылауында. Оларда шарттың көлемі мен баға жөнінде басқа цифрлар, ең бастысы- елді ИВЛ 3105-пен қамтамасыз ету. Оны қазіргі ОТП-ның шығару мүмкіндігі жоқ. Ресми жауап күтеміз" депті депутат.

23 шілде 2020, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.