Атырау, 12 мамыр 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

​Ақылды «Сергек» абақтыға да орнатылды

3 384 просмотра

УГ-157/9 мекемесінің (ерлер түзеу колониясы) аумағы бойынша  «Сергек» бейнебақылау жүйесі орнатылып, 30-дан астам камера мекеме ішінде қондырылды, - деп хабарлайды Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері колония аумағына екі рет сырттан күдікті заттарды лақтырды, сондықтан «Сергекті» қажеттіліктен қондыруға тура келді, - дейді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Манарбек ҒАБДУЛЛИН. Жүйе Атырау ҚПБ жедел басқару орталығына және колонияның кезекші бөліміне қосылған.

М. Ғабдуллиннің айтуынша, «Сергек» бейнебақылау камералары ғимараттың ішінде де орнатылған:

- Олар әкімшілік корпусты, шаруашылық бөлігін, кездесу бөлмелері және дәліздерді бақылайды. Бұл сотталғандардың қауіпсіздігі үшін қажет. Тәртіп бұзушылық азаяды деп есептейміз, сонымен қатар, сотталғандар шағымданған жағдайда, жедел тексеру жүргізуге жеткілікті мүмкіндік болады.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

22 шілде 2020, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.