Атырау, 12 мамыр 05:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Алаяқтар блогерлердің атынан қазақстандықтарды алдаған

2 257 просмотра

Мемлекеттік техникалық қызмет қазақстандықтардың алаятық деректеріне шағымы артқанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Алаяқтар танымал адамдардың аты мен суреттерін пайдаланған.

"Олар Telegram мессенджерінде танымал адамдардың суретін жүктеп, олардың мәліметтерін пайдаланып, фейк аккаунт ашқан. Алаяқтар жалған аккаунтың көмегімен азаматтарған қаржылық көмек керек екенін жазып, хабарламаға жіберген.
Мысалы, алаяқ Бейбіт Әлібековтың атынан фейк профиль ашып, оны Alibekov KZ деп көрсеткен. Ол жақын туысының ауруханаға түскенін, медициналық қызметке ақы төлеу керек екенін және оның карточкасында ақшасы жоғын айтып, банк картасына ақша аударуды өтінген. Ол алған қаражатын бір сағат ішінде қайтаруға уәде берген. Ал оның барлық қолма-қол ақшасы үйде екен", - дейді мемлекеттік техникалық қызметтегілер.

Сондай-ақ, Бейбіт Әлібеков пен Нұрсұлтан Мағзұмов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында, бұл ақпараттың жалғанын екенін, алаяқтардың олардың атын пайдаланғанын атап өтті.

Сонымен алаяқтар танымал блогер Әлішер Елікбаевтың атын пайдаланып, жоғарыда аталған схема бойынша әрекет еткен. Блогер бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, фейк екенін жеткізді.

Бұл оқиғаға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігіне жіберілді.

22 шілде 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.