Атырау, 12 мамыр 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

Масаға қарсы «Мистраль» қолданылады

4 773 просмотра

Атырауда масаға қарсы жаңа препарат қолданылады деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Мамандардың айтуынша, жылдан-жылға маса улау жұмыстары күрделене түскен. Өйткені, адам қанымен қоректенетін қансорғыш экологияның кез-келген жағдайына тез бейімделеді. Соның салдарынан, маса улауға арналған дәрілік заттарды үнемі өзгертіп отыруға тура келеді, – дейді мамандар. 

4-5 жыл бұрын масаға қарсы пайданалған «Циперметрин», «Солфак» препараттары қазір қолданылмайды. 2018 жылдан бастап,  ресейлік өнім «Медилисципер» препараты пайдаланылды. Алайда, кейіннен бұл да әсер етпей қалды. Өйткені, масалар улы заттарға әбден бейімделіп алған. Қазір жаңа «Мистраль» препараты қолданысқа еніп жатыр. 

- Жаңа препараттың экологиямызға әсерін зерттеп жатырмыз. Яғни, «Мистраль» дәрісінің қуаты зор. Әйтсе де,  көп көлемде қолдануға болмайды. Сол себепті, оның көлемін азайтып, тиісінше бұрын қолданыстағы «бомбей» препаратымен араластырып отырмыз. Соңғы аптада бұл дәрілік зат тәжірибеден оң нәтиже көрсетті. Қазір жаппай улаудың 7-ші сатысында жүрміз, әлі 8, 9,10-шы кезеңі бар, – дейді биолог-энтомолог маман Айнагүл ДӘУЛЕТИЯРОВА.

Еске сала кетейік, Атырауда дезинсекциялық жұмыстар наурыз айында басталды. Алдымен, масаны дәрілеудің бірінші сатысы бойынша ашық су айдындары залалсыздандырылды, 1188 көпқабатты тұрғын үйдің жер төлелері мен кіре берістері қансорғыштардан тазаланды.  

Айта кетейік,   ПИК қызмет етпейтін «иесіз» үйлерге   дезинсекция  жұмыстары сенбі-жексенбі күндері жүргізілсе, ПИК қызмет ететін тұрғын үй секторлары жұмыс күндері рет-ретімен уланады. Ал, жеке тұрғын үй секторлары, ауылдық округтер әр күн сайын, белгіленген кесте бойынша кешкісін залалсыздандырылады.  Сонымен қатар, мамандар әлеуметтік желіде арнайы чаттар ашып, тұрғындармен үнемі байланыста болуды әдетке айналдырған.

22 шілде 2020, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.